«Қазақтелеком» АҚ Дата-орталығы - бұл заманауи инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрін ұсынатын «Қазақтелеком» АҚ-ның бірыңғай тұғырнамасы.
«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясы - «Қазақтелеком» АҚ үшін телекоммуникациялық нарықтағы мүлде жаңа сегмент – ақпараттық бизнестің коммерциялық қызметімен айналысады.
Дата - орталық – бұл желілік және есептеу жабдығының кешенін, сондай-ақ арнайыландырылған бағдарламалық қамтамасын ұсынатын деректерді өңдеудің қуатты орталығы. Қызмет ету сенімділігінің ең көп деңгейін қамтамасыз ету үшін Дата – орталықтың технологиялық алаңы тоқтаусыз қоректендіру жүйелерімен, климаттық бақылаумен, қауіпсіздікпен және қамсыздандырудың басқа да жүйелерімен жабдықталады. Апаттық жағдайларға бейімделуге, сонымен қатар қажетті құжаттарды әзірлеуге қызметкерлер оқытылады. Дата – орталықтардың қызметтері деректерді сақтау жөніндегі сапалы және арзан сервистерге мұқтаж компаниялар мен ұйымдарға тағайындалған.
«Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығының құрылымы ақпараттық қызметтерді ұсынудың барынша көп мүмкін болатын сапасын, деректердің ең жоғары сақталу дәрежесін және оларды рұқсатсыз қосылудан қорғауды қамтамасыз ету үшін әзірленген. «Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығы «Қазақтелеком» АҚ клиенттеріне ұсынылатын Интернет-сервистер мен Деркетерді өңдеу орталығының қызметтерімен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ аталмыш сервистердің шағын жүйелерін басқару және есепке алу қызметімен қажетті қызметтік-функционалдық жүйелермен қамтамасыз етуге арналған.
Дата – орталық Алматы және Астана қалаларында орналасқан Деректерді өңдеу орталығы болып табылады. Осы жүйе суретте көрсетілген хостинг алаңдарының георгафиялық бөлінген желісін құрудың бірінші кезеңі болып саналады.

Алматы, Астана қалаларындағы «Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығы ақпараттық және нақты қауіпсіздіктің заманауи жүйелерімен, клиенттік қондырғылардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету, климатты бақылау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.
Барлық клиенттер Интернетке жоғары жылдамдықпен қосыла алады.
«Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығы - бұл:
-
• серверлер мен байланыс арналарының қалыпна тәулік бойы мониторинг жүргізу жүйесі
-
• деректерді резервтік көшіру жүйелері
-
• жетекші өндірушілердің желілік жабдықтары
-
• қорғаныс және басып енуді анықтау жүйелері
-
• тоқтаусыз қоректендіру көздері мен қуатты газ генераторлық құрылғысы бар автономиялық электр қоректендіру жүйелері
-
• өрт сөндіру жүйелері, түтінді көрсеткіш
-
• дата-орталықтың климат-бақылау жүйелері
Ерекшеліктері
Ауқымдылығы: «Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығы ыңғайлы құрылымға ие және клиенттердің ақпараттық қорларының инфрақұрылымын дамыту бойынша шексіз мүмкіндіктерді ұсынады.
Бақылау: : «Қазақтелеком» АҚ клиенті өзінің жабдығын толық бақылауға алады, ал инженерлер мен жүйелік әкімшілердің кезекші бригадасы жүйелі мониторинг жүргізеді және 24х7 тәртібінде клиент қорларының тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қолжетімдік: «Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығында орналасқан қорлар Қазақстаннның барлық аумағын қамтитын және қандай-да бір учаскеде ақау болған жағдайда резервте сақтауды қарастыратын тікелей магистральдық желіге қосылады.
Жабдық: белсенді желілік жабдық ретінде желілік шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы - Cisco Systems компаниясының бағыттауыштары мен коммутаторлары қолданылады. Хостинг қызметтерін ұсыну үшін жетекші әлемдік өндірушілердің жабдығы мен бағдарламалық қамтамасы қолданылады. Хостинг қызметтерін ұсыну үшін Hewlett Packard, Sun Microsystems, Intel және с.с. компаниялардың жабдығы пайдаланылады. Осы компаниялардың жабдықтары сенімділіктің жоғары деңгейі мен өнімділігіне жауап береді, сондай-ақ кез келген бағдарламалық тұғырнаманың жүйесін орналасыруға мүмкіндік береді.
Деректердің қауіпсіздігі: деректерді резервтік көшіру жүйесі құрылған. Мұндай практика жабдықтың ақауынан, бөтен қол сұғу немесе адами факторлардың себебінен болған деректердің жоғалуын толық болдырмауға мүмкіндік береді. Дата-орталық қызметінің жабдықтары мен бағдарламалық қамтама жұмысына мониторинг жүргізу және параметрлерін талдаудың бірыңғай жүйеcі, сонымен қатар Дата-орталық желісін бөгде Интернет-шабуылдардан қорғау жүйесі серверлер мен клиенттердің ақпараттық қорларының бағдарламалық қамтамасының тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Тоқтаусыз электр қоректендіру: орталық бірінші санатты сеніміділігі бар тоқтаусыз электр қоректендіру жүйесімен жабдықталған.
Қоршаған ортаны бақылау параметрлері: Дата-орталық жайда тұрақты температура мен ылғалдылық деңгейін қолдауды кепілдік беретін ауа тазартудың және желдетудің өнеркәсіптік жүйесімен; жабдыққа тоқтаусыз қоректендіруді қамтамасыз ететін электр жабдықтаудың қуатты жүйесімен; өрт сөндірудің автоматты газ жүйесімен; ауыспалы сақтауыштарға деректерді резервтік көшірудің сыртқы жүйесімен жабдықталған.
Нақты қауіпсіздік:рұқсатсыз қосылудан және Дата-орталықтың ғимаратын күзетуде қорғау жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлер командасы: Дата-орталықта үнемі жоғары білікті инженерлер мен желі әкімшілерінің ауысымы жұмыс жасайды. Клиент қорларына мониторинг жүргізу тәулік бойы жүзеге асырылады.

