ҚазақТелеком Лого

Виртуалды сервер (VPS) –бұл клиентке «Қазақтелеком» АҚ Дата –орталығындағы виртуалды белгіленген серверді жалға беруге ұсыну жөніндегі қызмет.

Виртуалды белгіленген сервер (Virtual Private Server - VPS) – бұл арнайы технологияның көмегімен құрылған сервер, ол нақты сервердің ресурстарын бөлікке (виртуалды серверлерге) бөлу мүмкіндігін береді, бұл ретте бұл бөліктердің әрқайсысы өздерінің үдерістерімен, файлдарымен, пайдаланушыларымен бірге толық операциялық жүйелеріне ие болады, сондай-ақ түрлі мақсаттарды шешу қабілеті бар.

 

VPS қызметі операциялық жүйені басқару тұрғысында, бір серверде нақты сервердің жұмыс істеу эмуляциясын білдіретіндіктен, көбірек физикалық белгіленген серверге сәйкес келеді. Сонымен бірге, виртуалды сервердің iD VPS клиенті кәдімгі сервердегі сияқты кез келген қосымшаны орната, файлдармен жұмыс жасай және бөлек машинадағы мүмкін кез келген басқа есептерді орындай алады.

 

iD VPS (Virtual Private Server) - клиентке «Қазақтелеком» АҚ дата-орталықтарының виртуалды белгіленген серверін жалға беруге ұсыну қызметі.

iD VPS виртуалды белгіленген серверін жалға беру қызметін пайдалана отырып, сіз серверлік жабдықты сатып алу, орнату және күйіне келтіруге байланысты мәселерді ұмытуыңызға болады. Біз сізге біздің хостингілік алаңшамызда орнатылған бағдарламалық қамтаманың толық пакеті бар күшті серверді ұсынамыз.

iD VPS хостингке қарағанда ең күшті ресурстарды талап ететін, бірақ ең көп дегенде, бүкіл сервердің ресурстары қолданылмайтын веб-порталдарды орналастыру үшін ұсынылады.

iD VPS қызметінің артықшылықтары:

    • нақты серверді жалға беруге қарағанда едәуір арзан;
    • функционалдылығы бойынша нақты серверге жақын мүмкіншіліктері;
    • күйге келтіру және басқару икемділігі;
    • қосымша бағдарламалық қамтаманы орнату мүмкіндігі.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы iD VPS қызметін ұйымдастыру кезінде Parallels Virtuozzo Containers (Virtuozzo) технологиясын – жетекші ОЖ виртуалдандыру жүйесін қолданады. Жұмыс принципі жеке виртуалды контейнерлерді, басқа сөзбен айтқанда бір нақты серверге виртуалды серверлерді құруға негізделген. Егер Virtuozzo-ны басқа виртуалды серверлерді басқару және құру жүйелерімен салыстырсақ, онда бұл жүйе өнімділік және басқарылу саласының бір үздік нәтижелерін беретінін айтуға болады. Аталмыш жүйеде іске асырылған автономиялылық талаптардың арқасында VPS – серверлерінің толық автономды, үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуіне кепіл беріледі.

Осы жүйеде іске асырылған Virtuozzo Containers технологиясы, бүгінгі күні барлық қолайлы виртуалдандыру жүйелерінің арасындағы барынша тығыздығына осы мезетте кепіл береді. Ал нақты серверлердің негізгі жүйелік ресурстарын серпінді үлестіру мүмкіншілігінің арқасында біз әдетте, нақты уақыт тәртібінде осы ресурстарды үлестіру сұлбасына өзгеріс енгізу мүмкіндігін аламыз.

Бұл жүйенің тағы бір тамаша қызметі виртуалды серверді тасымалдау қызметі болып табылады. Ол виртуалды сервер жұмысының тоқтаусыз тәуелсіз деректерді сақтау құрылғыларының арасында тасымалдауды іске асыру мүмкіндігін береді. Ол Windows немесе Linux түрлерінің операциялық жүйелері қолдау көрсететін кез келген аппарат құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Пайдаланушылардың ресурстарына қолдау көрсететін серверлер өзінің деректерін орналастыруға арналған Деректерді Сақтау Жүйесіне қосылған. Бұл пайдаланылатын деректердің жоғалуына байланысты тәуекелдерді азайтады.

iD VPS-тің дискілік кеңістік көлемі, CPU кепілді қуаттылық көлемі және RAM белгіленген жедел жадымен ерекшеленетін төрт тарифтік жоспары бар.