Виртуалды хостинг –бұл «Қазақтелеком» АҚ Дата – орталығының серверлеріне клиенттің файлдарын орналастыру және сақтауға арналған дискілік кеңістікті ұсыну жөніндегі қызмет.
Виртуалды хостинг – бұл хостинг - провайдердің серверіне клиенттің файлдарын орналастыру және сақтауға арналған дискілік кеңістікті ұсыну жөніндегі біршама қымбат емес, қарапайым, бірақ технологиялы функциялық қызмет. «Виртуалды» деген сөз бір алаңшаға (серверге) он сайт орналасатынын, олардың әрқайсысы сервердің жалпы ресурстарын бөлетінін, бірақ бұл ретте өзінің домені, үй каталогы және кіру паролі болатынын білдіреді.
Виртуалды хостинг (ағылш. shared hosting) – бұл «Қазақтелеком» АҚ дата – орталықтарына сіздің web-сайтыңызды орналастыруға арналған қызмет. Мұндай серверлердің ресурстары басқа пайдаланушылар арасында бөлінген. Сөйтіп, серверлерді жалға берумен салыстырғанда, қызметтердің аз құнына жетеді.
Виртуалды хостинг–күніне 1 000 келушіге дейін қатысатын кішкене жобалар, үй беттерін, компаниялардың web-сайттарын (компаниялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдік web-сайттары) және бастаушы порталдарды орналастыру үшін ыңғайлы ең үнемді хостинг түрі.
Сіздің web-сайтыңыз орналасқан серверді күйіне келтіру, қамтамасыз ету және сервердің қауіпсіздігі туралы сізге ойлаудың қажеттілігі жоқ – бұның барлығы «Қазақтелеком» АҚ-ның техникалық қызметкеріне жүктеледі. Хостингілік алаңша серверлерінің әрқайсысы 100 Мбит/с жылдамдықпен бөлінген арнаға қосылған.
Біз өзіміздің клиенттерімізге Linux және MS Windows-жүйелеріндегі хостингті ұсынамыз, бұл өзіміздің талаптарымызға сәйкес, web-сайттарды құру және дамыту мүмкіндігін береді.
iD Shared қызметінің әрбір тарифтік жоспары келесі мүмкіншіліктерді қолдануды қарастырады:
-
• вирусқа тексеруді;
-
• антиспам-сүзгіні;
-
• тәулік бойы серверлердің жағдайына мониторинг жүргізуді (24/7/365);
-
• тәулік бойы пайдаланушыларды техникалық қолдау қызметін (e-mail, телефон, ICQ);
-
• сайтты күйіне келтіру және басқару бойынша да аккаунты басқарудың қолайлы бақылау панелін;
-
• сервердің логтарына кіруді;
-
• аккаунттың толық статистикасына кіруді (webalizer);
-
• FTP бойынша серверге кіруді;
-
• шектелмеген e-mail forwarding және пошта сүзгілерін күйіне келтіруді;
-
• SSI-ді қолдануды;
-
• бумаларды парольдеуді;
Біз алты негізгі және үш арнайы тарифтік жоспарларды ұсынамыз, олардың құны алдын ала төлеу кезеңіне және сипаттамалар жиынтығына байланысты.
Негізгі тарифтік жоспарлар клиентпен өзінің веб-сайтын орналастыруға арналған және бір-бірінен келесі сипаттамалар жиынтығымен ерекшеленеді:
-
• дискілік кеңістік көлемі;
-
• ftp-кірулер саны;
-
• MySQL ДБ саны;
-
• MySQL ДБ пайдаланушыларының саны;
-
• қолдау көрсетілетін сайттар саны;
-
• қолдау көрсетілетін домен атауларының саны.
Барлық тарифтік жоспарларында:
-
• шектелмеген шағын домендер саны және пошта адрестерін қолдау;
-
• cgi-bin дербес каталогын ұсыну;
-
• Perl-ді қолдау;
-
• PHP-ге кіру;
-
• phpMyAdmin интерфейсін ұсыну бар.
Клиент негізгі тарифтік жоспарларының келесі қосымша сервистеріне де тапсырыс бере алады, сөйтіп өзінің тарифтік жоспарының сипаттамаларын кеңейтеді:
-
• қосымша MySQL ДБ ұсыну;
-
• қосымша MySQL ДБ пайдаланушысын ұсыну;
-
• қосымша ftp-кіруді ұсыну;
-
• қосымша сайтты ұсыну;
-
• қосымша домен атауын қолдау;
-
• қосымша дискілік кеңістікті ұсыну.
iD Shared-дің арнайы тарифтік жоспарлары көмекші сервистер мен қызметтерді алудағы талаптарды қанағаттандыру үшін бағытталған:
-
•
KZ Free
-
– қазақстандық интернеттің дамуына себепкер балатын жаңа жобалар үшін тегін көрсетілетін хостинг қызметі.
Біздің тарифтік жоспарларымызбен танысып, дәл сізге арналған қолайлы нұсқаны таңдаңыз!

