«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ үшін телекоммуникациялық нарықтағы мүлде жаңа сегмент – ақпараттық бизнестің коммерциялық қызметімен айналысады.
iD Host – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясымен хостинг қызметтері ұсынылатын «Қазақтелеком» АҚ бренді.
iD Host хостинг алаңы – бұл Интернет желісінің арналарын қосу арқылы серверлік және коммутациялық жабдықтарды орналастыруға арналған арнайы алаң.
iD Host хостинг алаңында мынадай жүйелер бар:
а) ауа тазартқыш (климаттық тәртіп);
б) резервтік электр қоректендіру;
в) тұрақтантандыру (жер сілкінген жағдайда);
г) газбен өрт сөндіру (техникаға қауіпсіз);
д) электр статикалық қорғаныс.
iD Host алаңдары Қазақстанның барлық қалалық орталықтарында орналасқан. Алматы және Астана қалаларындағы орталық алаңдар барлық хостинг қызметтерін ұсынуға арнайыландырылған. Аймақтарда тек iD Place қызметі ұсынылады.
«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның инфотелекоммуникациялық нарығында көшбасшы орынға ие, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компанияның бірі.«Қазақтелеком» АҚ бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландырумен, жаңа технологияларды енгізу мен ауылдарды телефондандырумен, сонымен қатар Интернетке кең жолақты қосылуды дамытумен айналысады.
Телекоммуникацияның жоғары технологиялық қызметтеріне өсіп келе жатқан қажеттілік отандық байланыс операторларынан өндірісте ІТ-технологияларын қарқынды енгізуді талап етті. Отандық телекоммуникация саласын компьютерлендірудің болып жатқан үрдісі «Қазақтелеком» АҚ компаниясында ІТ-бағыттың дамуына басшылық ететін дербес филиалды құруға түрткі болды. 2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Ақпараттық жүйелер дирекциясы (АЖД) ашылды.
Республиканың телекоммуникациялық нарығындағы заманауи талаптарына лайықты, ғылыми-техникалық үдерістің барлық даму беталысына шапшаң бейімделетін жаңа құрылымды құра отырып, «Қазақтелеком» АҚ өзінің бәсекелестікке қабілеттілігін сенімді қамтамасыз ете алады.
АЖД-ның негізгі қызметтері мыналар:
-
• компанияға жаңа жоғары технологиялық телекоммуникациялық қызметтерді әзірлеу;
-
• корпоративтік ақпараттық жүйеге (КАЖ) кәсіби қызмет көрсету;
-
• бөгда байланыс операторларына IT-қызметтерді ұсыну.
Ақпараттық жүйелер дирекциясының маңызды бағыттарының бірі компанияның инфокоммуникациялық қызметтерінің спектрі болып келеді.

